Кентаулықтар мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көруде

Аймақ
25.09.2016, 00:51

logo_dkz_2020Кентау қаласында «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің - 2020 жол картасы», «Агробизнес - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020 жол каратасы» және басқада мемлекеттік салалық бағдарламалары аясында 277 адам жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды.

Аталған жұмыстар жылдың соңына дейін жалғасып бес жүзге жуық, жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамтылады. Бағдарламадан мүгедектер де шет қалып жатқан жоқ. Жалпы бағдарлама қатысушыларының ішінен 2016 жылға 101 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған болатын. 2016 13423853_1566200977013542_8311566566794412190_nжылдың бірінші қыркүйегіне дейін бағдарлама шенберінде қамтылғаны 76 мүгедек. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыстарға 20 мүгедек, жастар практикасына  он бір мүгедек, ақылы қоғамдық жұмыстарға жеті мүгедек, бос және жаңа жұмыс орындарына 36 адам жұмысқа орналасса, шағын несиемен екі мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылды. Бүгінде Кентау қаласының жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жартыжылдықта 33 400 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Бұл республикалық көрсеткіштің 16 пайызын құрайды. Ал аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27 пайызға төмендеген. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі  3,6 пайызды құрайды.

 

Сұхбат

PhotoRoom