Арыс қаласында 40 көше орташа жөндеуден өтуде

Аймақ
26.09.2016, 00:47

14370416_344830732516643_4299587946263828434_nМемлекет басшысы Н.Назарбаев еліміздің экономикасын дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасын ұсынған болатын. Бағдарлама аясында Арыс қаласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Арыстың көркі мен ажары артып, қолданысқа берілген нысандар күн сайын артып, ел игілігіне қызмет етуде.

Бүгін қала әкімі Мұрат Болатұлы қаладағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарының жұмыс барысымен танысты.

Мақсаты көшелердің орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы болуына мән беру және тиісті мерзімінде берілуін қадағалау.

Биыл қала және елді-мекендерде 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олардың жалпы ұзындығы 31,9 шақырымды құрайды. Арыс қаласына қарасты 6 елді-мекеннің басты көшелеріне күн сәулесімен жарықтандырылатын бағаналар қойылуда және қаланың 6 көшесіне аяқжолдар салынып, жарықтандырылады. 4 көшеге тас төселсе, 24 көше асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаланың және ауылдық округ орталықтарындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерге 48 бейнебақылау қондырғысын орнату жұмыстары да қарқынды жүруде.

Нысанды аралау барысында қала басшысы М.Қадырбек жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріп, мердігер мекеме басшыларына жұмысшыларды «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі мемлекеттік мекемесіне тіркелген жергілікті жұмыссыз азаматтардан жасақтауды және құрылыс материалдарын сатып алуда отандық өнімдерге басымдық беруді тапсырды. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

Сұхбат

PhotoRoom