Сайрамда биыл инвестициялық құны 670 млн. теңгені құрайтын ет өңдеу кәсіпорны ашылмақ

Аймақ
26.09.2016, 01:43

1429592086_008Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «Бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін белсендірек қолдану қажет. Экономиканың басым салаларына жеке инвестицияларды ынталандыру бойынша қосымша шаралар қарастыру керек» екендігі айтылған болатын.

Бүгінде Оңтүстікте «Индустриалдық инновациялық даму» бағдарламасындағы міндеттерді атқару үшін индустриалдық аймақтар ашылып, онда өнеркәсіптік, кәсіпкерлік жобалар жүзеге асуда. Мұндай аймақтар Шымкент қана емес аудан, қалаларда да ашылып, инвесторларға қажетті барлық жағдайлар жасалуда. Осындай өндірістік аймақ алдағы уақытта Сайрам ауданында да ашылады,-деп хабарлайды rgmedia.kz.

Сайрам ауданында биыл инвестициялық құны 670 млн. теңгені құрайтын ет өңдеу кәсіпорны ашылмақ. Келер жылы осы бағдарлама негізінде үш кәсіпорын іске қосылады. Бұрындары Сайрамдағы Тассай ауылдық округіндегі индустриалды аймақ Шымкенттің аумағын арттырып, шекарасын бекіту кезінде қала аумағына өткен. Соған орай, аудан әкімі  Самат Сапарбаевтың айтуынша, аудан әкімдігі 36 гектарды қамтитын жер қарастырып, индустриалды аймақ салуды қолға алуда. Бұл бағытта тиісті техникалық құжат негіздемелері жасалған. Қазынадан қаржы қаралса, іске қосылатын болады. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің жұмысына жаңа технологияны енгізуге де ерекше мән берілуде. Ауданға инвестор тарту да назардан тыс қалған емес. Бүгінде ауданға құс фабрикасын салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, демалыс аймағын салу бойынша инвесторлар келуде. Бұл алдағы уақытта Сайрам ауданының инвестиция тарту жағынан алдыңғы қатардан көрінетіндігіне деген сенімді нығайтады.

Сұхбат

PhotoRoom