2016 жылғы 28 қыркүйек күні аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Рахметуллиннің төрағалық етумен кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді шеттету бойынша жұмыс тобының
кезекті отырысы өткізілді. Кезекті отырыста жер қатынастары, ветеринария және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша аудандық бөлімдерімен қазіргі кезеңдегі кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді шеттету бойынша атқырылған жұмыстары туралы ақпарат тыңдалды. Кеңес аяғында аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Рахметуллин бөлім басшыларына мемлекеттік қызмет көрсетуде қызмет алушылардан қосарлы құжаттар алуды қысқартуды және қызмет көрсетуді автоматтандыру жұмысын жалғастыруды тапсырды. Отырысқа «Нұр Отан» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының, аудандық қоғам кеңесінің өкілдері, аудандық бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.