Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен 2016 жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйек аралығында Тілдер фестивалі аясында өткізілетін «Тілдер шеруі» айлығы өткізілді. Айлық барысында қаладағы барлық мемлекеттік мекемелерде, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен мектептерде, барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда Шығыс Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті. Атап айтқанда, орталық қалалық кітапханада Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен кітапхана ұжымы бірлесе ұйымдастырған Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты дөңгелек үстел және «Сөз қадірі - өз қадірім» атты поэзия сағаты өтті. Бұл шаралардың басты мақсаты - тіл мерекесін ұлықтау, мемлекеттік тілді дамыту, жас дарындарға қолдау көрсету, тілге құрмет жасап, «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» екенін оқырман қауымға жеткізу болды. Сондай-ақ поэзия сағатында жас ақындардың көркем сөзбен көмкерілген отты жырлары оқылып, тіл тағдыры жайлы толғамды мәселелер талқыға түсті. Поэзия сағатына қаламыздағы ақындар және зиялы қауым өкілдері мен «Шабыт» клубы мүшелері қатысты. Кездесуге жиналған қауым тіл мәселесіне келгенде тілегі бір екендігін байқатты.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» және Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде татар, белорус, түрік және кәріс халықтарының апталығы өткізілді.
Татар халқының апталығы татарларға тән тіл тарихы, татар тілі ерекшеліктері, салт-дәстүрлері туралы ақпарат қамтылған презентация түрінде ұсынылды. Презентация өлең оқу, ән айту, және халық биінің орындалуымен жүргізілді. Бұл мерекенің қонақтары татар тілінің алфавитімен, қазақ тілі мен басқа тілдермен ұқсастығы мен айырмашылығын айтып, бірнеше сөздерді жаттап үйренді. Сонымен қатар көрермендермен викторина өткізіліп, іс-шара соңында атақты ақын Ғабдулла Тоқайдың өлеңінде шағарылған «Туған тіл» атты өлеңін бірге орындады.
Белорус апталығы белорус авторларының шығармалары сомдалатын әдеби қонақжай түрінде өткізілді. Іс-шара барысында Белорус халқының мәдениеті, қолөнері, кәсібі, символдары туралы және маңызды тарихи жерлерін білу үшін көрме өткізілді. Белорус пен орыс тілдерінің туыстығы мен айырмашылығы туралы түсінік алды. Белорус тілі курсы тыңдаушыларының орындауындағы жалынды және әуенді әндері, белорус тіліндегі өлеңдері мен аңыз әңгімелері туған тіл қазынасы ретінде халықтың рухани сұлулығын көрсетті.
16 қыркүйекте Оқушылар шығармашылығы Сарайында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – адам жанын танудың кілті» атты қорытынды концерттік бағдарлама дайындалып, өткізілді. Бұл шара үш тілде өткізіліп, өлеңдермен, билермен, әртүрлі ойындармен және ертегілер театрымен қоса жүргізілді. Қорытынды шара өткізілу кезінде қаланың белсенді азаматтары мен тіл жанашырлары «Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқаны үшін, бірлік пен достықты, қоғамдық келісімді нығайтуға белсене қатысқан үшін» қала әкімі орынбасарының мадақтамасымен марапатталды.