Оңтүстіктің шұлықтары Германияға экспортталады

Аймақ
30.09.2016, 00:45

on_onim-logoШымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 23 жоба мақұлданып, 10-ы іске асуда. Соның бірі шұлық бұйымдарын шығаратын «Әлем БТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Үкіметтің қолдауымен аяғынан тік тұрған фабрика отандық нарықты қамтып қана қоймай, өнімін шетел нарығына шығара бастады. Бұл туралы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы хабарлады.

Әлем БТ»  ЖШС-гі 2015 жылы желтоқсан айында іске қосылған. Желкенін жел кере бастаған фабрика күн сайын 80 мың дана шұлық шығарады. Шығарған  өнімдері сапалы. Халықаралық талапқа сай. Ең бастысы -  отандық өнім.

Фабрика Оңтүстіккореялық  құрал-сайманмен жабдықталған.  Орнатылған   230  дана  тігін  машинасына  еш тыным  жоқ.  Өндіріс  ошағы  16 мен 47-ші  өлшем  аралығындағы  шұлықтың  1000-ға жуық  түрін  тігеді. Бағыты  айқын,  жоспары жүйелі.

-Өнімдерімізге сұраныс өте жоғары. Бағасы Қытай носкилерінен төмен. Бірінші рет Оңтүстік Кореяға жіберіп жатырмыз. Одан кейін келесі ай Еуропалық сертификат алып жатырмыз. Сосын Германияға экспортайтын боламыз,-дейді «Әлем БТ»  ЖШС-нің  директоры Аслан Ибадуллаев.

Фабрика қажетті шикізатты Өзбекстаннан  импорттайды.  Қазір  70 пайыз қуаттылықпен жұмыс  істеп тұр.  Өндіріс орнында  250-ге  жуық адам  еңбекпен қамтылған.  Оның  4 /1 -  мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

-Бұл жерде істеп жатқаныма 9 ай болды. Айлығымызды уақытылы алып отырмыз. Тамағы осы жерден.тегін.  Апарып, алып келеді. Бұрын әр  жерде жұмыс істедім. Осы жер ұнағасын осы жерде қалдым,дейді кәсіпорын қызметкері Ақзия  Ақша.

Қазір  арнайы экономикалық  аймақта  4 жобаның  құрылысы жүргізілуде. Жалпы «Индустриалдық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында Оңтүстікте көптеген жобалар қолға алынуда. Облыстың  индустрияландыру картасына құны 869 млрд. теңгені құрайтын 115 жоба енгізіліп,  20 мың жаңа жұмыс орнын  ашу  жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom