Электротехникалық қондырғылар шығаратын зауыт іске қосылмақ

Аймақ
30.09.2016, 00:55

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім реформалар, даму» атты Жолдауында бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін белсендірек қолдану қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, Жолдауда экономиканың басым салаларына жеке инвестицияларды ынталандыру бойынша қосымша шаралар қарастыру керектігі, жеке инвесторларды жол, газ құбыры, ауруханалар, мектептер және басқа да нысандар құрылысына ғана емес, сонымен бірге, оларды қайта жаңғыртуға және техникалық қызмет көрсетуге тартудың да маңызы зор екені атап көрсетілді. Елбасы инвесторлармен жұмысты белсенді ете түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Үкімет кеңесін құруды тапсырды. Осы орайда, Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарлдамасының салалық «Инвестор - 2020» бағдарламасы аясында Кентау қаласында өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 7,9 миллиард теңге болса, 2016 жылдың 7 айлық қорытындысымен негізгі капиталға тартылған инвестиция 3418,8 миллион теңгені құраған. 2010-2016 жыл аралығында Кентау қаласы бойынша Индустриаландыру картасына жалпы 9 жоба (жалпы құны - 11980,2 миллион тенге) енгізілген.  Индустриаландыру картасы жүзеге асырылып келе жатқаннан бері құны 3609,0 миллион теңге, 255 жұмыс орнын құрайтын 4 жоба іске қосылған. Бірқатар жобалар бойынша жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, кәсіпорындар қаржысы есебінен ағымдағы жылдың  бірінші жартыжылдығында 842 миллион теңгені құрайтын «ЮгЭлектроПривод» ЖШС-інің «Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару» жобасы іске қосылса,  үшінші тоқсанда құны 867,0 миллион теңгені құрайтын «Электродеталь» ЖШС-інің «Кентау қ. 0,4,6,10,35 кВ жиынтық-тарату жабдықтар және электротехникалық қондырғылар шығару» жобасы іске қосылады. Бұл туралы rgmedia.kz сайты хабарлайды.

Сұхбат

PhotoRoom