Оңтүстік Қазақстан облысынан Алматы қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерінің керуені жолға шықты. Жалпы көлемі 320 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 106 тн көкөніс, 29 тн жеміс-жидек, 16 тн картоп, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 45 тн бақша өнімдері, 5 тн балық, 5 тн кептірілген жеміс, 27 тн қауын мен 15 тн басқа да өнімдер бар. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 125,7 млн. теңгені құрайды.
Қазан айының 1 күні Алматыда ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам оңтүстікқазақстандық тауарөндіруші қатысады деп күтілуде. Оңтүстік астанада ұсынылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының шарасында саудаланатынөнімдер базар нарқынан 15-20 пайызға арзан сатылатын болады.
Оңтүстіктің шаруалары жеті жүз шақырым жол жүріп, оңтүстік астанадағы жәрмеңкені қыздырмақ. Бұл көште керектінің бәрі бар. Түлкібастың алмасы, Мақтаралдың қауыны, Сарыағаштың жүзімі, Төлебидің қымызы мен Теріскейдің шұбаты да бар. Ал, Ордабасы ауданы биыл жеміс-жидекпен қатар, ет өнімімен ерекшеленіп тұр. Алып құс фабрикалары бар ауданнан қос жүк көлігіне тауық етінің сан түрі тиелген. Ордабасылықтар көкше байлығымызды дер кезінде жиып, үлгердік, - деп шүкірлік етуде.