ШҚО-дан Алматыдағы жәрмеңкеге 40 тонна бал әкелінді

Аймақ
30.09.2016, 01:37

20160929105415Алматыда «Ғылым ордасы» ғимараты алдындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері облыстың Алматыдағы мәдени күндері аясында бал жәрмеңкесін ашты.

Бүгін аталған жәрмеңкеге ШҚО әкімі Даниял Ахметов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек келеді деп жоспарланып отыр,-деп жазады ҚазАқпарат .

Шығысқазақстандықтар оңтүстік астанаға 40 тоннадан астам бал және 27 түрлі панта20160929105535 өнімін әкелген.

Өз өнімдерін Өскемен қаласы мен ШҚО-ның 9 ауданы: Зырян, Глубокое, Қатон-Қарағай, Ұлан, Үржар Аягөз, Шемонаиха, Көкпекті және Тарбағатайдан келген шаруа қожалықтары ұсынып отыр.

Жәрмеңкеде балдың бағасы 1000-1500 теңге аралығында сатылып жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom