ОҚО-да  «Бірлігі бекем ел» атты театрландырылған қойылым өтті

Аймақ
30.09.2016, 22:38

_dsc4277Татулық – еліміздің басты құжаты. Бүгінде ынтымағы мен тыныштығы жарасқан Қазақстанымыз әлемге үлгі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1992 жылдың желтоқсан айында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын да алғаш рет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын. Осыдан ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі 1995 жылы 1 наурызда Елбасының бастамасымен және арнайы жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.  Бірліктің берекелі бесігіне айналған іргелі ұйым бүгінгі күні еліміздегі татулық пен тұрақтылықты қалыптастыруда қосқан үлесі зор.

_dsc4186Кеше облыстық орыс драма театрында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Оңтүстік –достық мекені» жобасы аясында түрлі этнос өкілдері өнерпаздарының қатысуымен «Бірлігі бекем ел» атты театрландырылған-сазды  қойылымы өтті. Театрландырылған-сазды  қойылымға өз халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан хабары мол, бойында шығармашылық қабілеті бар және мемлекеттік тіл-қазақ тілді жетік меңгерген, өнерлі, іскер, зейінді  түрлі ұлт өкілдерінің жастары (би ұжымдары және т.б. шығармашылық топтары) қатысты. Жалпы, театрландырылған-сазды қойылым Қазақстан тарихында орын алған елеулі оқиғаларды, қазақ халқының басынан кешірген тарихи жағдайлары мен азаттық таңына дейінгі кезеңдерді, жалпылай 20 минуттық қойылымды қамтиды.

Шара барысында қонақтар мен көрермендерге түрлі ұлт халықтарының тағамдарының көрмесі ұсынылып,  өзге этнос өкілдері мен_dsc4108 мәдени орталықтары өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды.

Іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков белсене қатысушы өзге ұлт өкілдерін арнайы алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Аталмыш шараға облыстық этно-мәдени орталықтары мен облыс әкімдігінің өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан             800-ден аса студент жастар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom