Өскеменде биыл әлеуметтік бағамен ұсынылатын азық-түлік өнімдері тапшы болмайды

Аймақ
29.09.2016, 15:53

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Шығыс Қазақстан облысында қыс-көктем мезгілдерінде әлеуметтік бағамен ұсынылатын азық-түлік өнімдері тапшы болмайды. Өйткені қазір өңірдегі тұрақтандыру қорларының қамбасын арзан азық пен көкөніске толтыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы сала жетекшілері мәлімдеді. Тұрақтандыру қорын қысқа қамдау мақсатында облыстық бюджеттен жеткілікті қаражат та бөлінді. Енді қазан айының соңына дейін Семей мен Өскемен қаласына арзан бағамен сатылатын 5 мың 700 тонна көкөніс жеткізіледі. Бұл жерден өнім 183 сауда нүктесіне таратылып, халық игілігіне ұсынылмақ. Болат Акужанов, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы: - Қазір тұрақтандыру қорындағы азық-түліктің маусымаралық бағасы шамамен 50-55 теңдеген аспайды деп сеніммен айтуға болады. Бұл – Семей мен Өскемен қалаларына ортақ баға.  Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Сұхбат

PhotoRoom