Өскеменде үш тілде білім беру жүйесі бойынша 3000-ға жуық мұғалім қайта оқытылды

Аймақ
28.09.2016, 17:35

ad7394e433b83600cb51b550308aa553_lШығыс Қазақстан облысы – үш тілде білім беруді тәжірибе ретінде қолға алған еліміздегі алғашқы өңір. Облыста жаңа жүйе бойынша 3 мыңға жуық мұғалім қайта оқытылған. Қазір оның нәтижесін оқушылар түрлі олимпиадалардағы жетістіктерімен дәлелдеп жүр. Мәселен, Өскемен қаласының маңындағы «Дарын» демалыс орталығында өткен облыстық байқауда оқушылар сапалы білім алғанын айқындай түсті. Шығыс Қазақстандық оқушылар үшін үш тілді білу қалыпты жағдайға айналған. Олар қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік біледі. Үш тілде эссе жазып, викториналық сұрақ-жауаптарға қатысады. Олжас Жақыпов, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің оқушысы (Өскемен): - Білім-ғылымның барлығы ағылшын тілінде жазылады екен. Сондықтан біз өзіміздің индустриалдық, экономикалық дамуына жаһандағы басқа шетелдіктермен бәсекеге қабілетті болуымыз үшін осы үш тілділікті дамытып отырмыз. Айым Наурызбаева байқауға қатысу үшін Семейден келген. Ол байқаудың барлық кезеңдерінде бағын сынап, интеллектуалдық және шығармашылық білімін көрсетті. Мұнда жеткіншектер тілді кез келген салада қолдануға үйретіледі. Айым Наурызбаева, Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған мектептің оқушысы (Семей): - Ұлт жоспарының 79-қадамында Елбасы «Үштілділік – ол ең маңызды нәрсе. Қазіргі таңда жаһандануға қажет нәрселердің бірі. Үш тілді біз міндетті түрде оқуымыз керек», - деп айтқан болатын. Сондықтан біз – өскелең ұрпақ үш тілдің тұғырын бірдей ұстауымыз қажет деп ойлаймын. Байқау ұйымдастырушылары барлық тапсырмаларды үш тілде дайындаған. Олардың әрқайсысы әртүрлі сала бойынша. Елена Чжан, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, қазылар алқасының мүшесі: - Тапсырмалар әртүрлі. Қазақтың салт-дәстүрлерін ағылшын тілінде айтамыз. Тіпті, Қазақстанның аумағы, географиялық орналасуы, Қазақстанның белгілі азаматтары жайында да тақырыптар болды. Мұның барлығы үлкен дайындықты талап етеді. Оқушылар жақсы дайындықпен келген. Сондай-ақ мектеп оқушылары әртүрлі тілде ән айтып, психологиялық тренингтер мен спорттық шараларға қатысты. Таза ауада демалып, серігіп қатысты. Бұл туралы 24.kz сайты жазады.

Сұхбат

PhotoRoom