Өскеменде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кешені салынуда

Аймақ
23.09.2016, 23:00

22-08-kurilisӨскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Аталған тұрғын үй кешені Өскемен қаласының ең перспективалық аудандарының бірі – сол жағалауда салынуда. Жаңа нысан ІІІ жайлылық санатындағы тоғыз қабатты көппәтерлі үш үйден тұрады. Тұрғынжайлардың ауданы 19,5 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. Барлығы 325 пәтер салу жоспарланған.

Жобаның жалпы құны 4 миллиард теңгеден астам, оның 80 пайызы «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» тарапынан қаржыландырылуда. Құрылыс барысында энергия үнемдейтін материалдар қолданылуда.

Сұхбат

PhotoRoom