ШҚО-да полигон туралы үш томдық жинақтың тұсауы кесілді

Аймақ
29.09.2016, 16:45

b2adcc3ce06aaa8a74ec584864804a32_lКурчатов қаласында Семей сынақ алаңының жабылуының 25 жылдығына арналған үш томдық жинақтың тұсауы кесілді. Кітаптың беташары Елбасының «Ұлттық қасіреттен – ұлттық мақтанышқа!» атты мақаласымен басталады. Бұл еңбекте полигонның жабылу тарихы, тәуелсіздік алғаннан бергі сынақ алаңындағы инфрақұрылымды жою және аумақтарды оңалту жұмыстары жайында біраз ақпарат келтірілген. Ұлттық ядролық орталықтың да жұмысы жан-жақты әңгімеленген.

Ерлан Батырбеков, ҚР ҰЯО Бас директоры: -Біздегі атқарылған қыруар жұмыстардың барлығы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей пәрменімен жүзеге асып отырды. Соның арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Сондықтан бұл жинақтың басты авторы Елбасы екені анық,-деп хабарлады 24.kz.

Сұхбат

PhotoRoom