Өскеменде жыл басынан бері 3 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты

Аймақ
25.09.2016, 17:59

logo_dkz_20202016 жылғы қаңтар-шілдеде Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметіне лайықты жұмыс іздеуге ықпал ету үшін 4549 адам өтініш жасады. Ал осы жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 1291 адамды құрап отыр. Осылардың жұмыссыз әйелдер 61,0 % құраса, 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастар – 30, % құрап отыр.

Жұмыспен қамту қызметіне түскен кәсіпорындардың ақпараты бойынша  2016 жылғы 1 қаңтардан 1 тамыз аралығында жұмыстан босатуға болжамды санынан 103 адам шығарылды.

Толық емес жұмыс уақытында 842 адам, 262 – өндірістің тоқтап қалуына байланысты уақытша жұмыс істемейді, 44 – жұмыс берушінің ықыласы бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста.

2016 жылғы қаңтардан шілдеге дейін жұмыспен қамту қызметінің ықпал етуімен 2867 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 224, жастар іс-тәжірибесіне – 135 түлек.

Қоғамдық жұмыстарға 637 адам орналасты, оқытуға 337 адам жолданды.

2016 жылдың жеті айында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау белсенді шараларымен 3856 адам қамтылды. Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде шағын және орта бизнес саласында 3346 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сұхбат

PhotoRoom