«Жүректен жүрекке». Тап осындай тақырыппен Семейде ядроға қарсы бейбітшілік акциясы өтті. Бұл шараға мұрындық болып отырған әйгілі «Заман-ай» әнінің авторы, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов. Бүгінде қаруға қарсы шерулердің ұранына айналған осы ән тағы бір рет шырқалды. Әлем халқын ізгілік пен бейбіт өмірге шақырып отырған бастаманы дүние жүзі халқы жалғастырады деп көзделген. «Өлімнен де күшті» мемориалдық кешенінің алдына жиналған көпшілікке студенттер 40 жыл кешкен қасіреттер туралы көрініс көрсетіп, соңында әуеге қағаз тырналар байланған 200 шар ұшырды,- деп хабарлады khabar.kz.