Шымкентте ауыр атлетикадан Ел чемпионаты басталды

Аймақ
04.10.2016, 23:32

135fdcc78c0ced3c2c16754a61d007b8Шымкентте ауыр атлетикадан Ел чемпионаты басталды. Ұлтымыздың ұлық мерекесіне арналған жарыста 14 облыс пен екі қаланың сайыпқырандары қатысуда. Жиырма жасқа дейінгі жастар жігерін қамшылаған бәсекеде әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлдың шәкірті өнер көрсетуде.

Қазыбек Қасқыр облыс деңгейіндегі сайыстарда 3-ші рет бірінші орынды еншілеген. Бүгін өзі үлгі тұтатын күнгей өңірдің күміс қызы Жазира оны үлкен топқа қосты. Бұған дейін жұлқа көтеруде 84, серпеде 95 келіні бағындырған інісі сеніміне селкеу түсірмейді деп сенеді.

Енді өзге өңірден келген зілтеміршілердің қарымын бағамдасақ. Маңғыстаулық бапкерлер алғашқы кезеңде Нұрсәт Қалиевке үміт артқан еді. Дегенмен батыстық бағлан 3 мүмкіндігін де тиімді пайдалана алмады. Ақтөбелік Азамат Дүйсенбиевке есе жіберді. Алайда, бұл спортшының да қуанышы ұзаққа созылмады. Маңғыстаулық Бауыржан Мергенбаев серпе көтеруде 70 келіні бағындырып, қарсыластарын қапы қалдырды.

Ауыр атлетиканың адуынды арулары үшін бұл ай сындарлы сәтке толы. Қазанның 20-ы күні оңтүстік оғландары Малайзиядағы Азия чемпионатына қатысады. Ал, 25-і күні Майра Файзуллаева, Надежда Ногай сынды кіл мықтылар Токио төрінде түстік өңірдің намысын қорғамақ. Жазираның жемісті жолы жерлестерімізге жігер береді деген сенімдеміз,-деп хабарлайды shymkenttv.kz.

Сұхбат

PhotoRoom