«Жамбыл облысында оңалту және банкроттық заңы аясында жасалынып жатқан жұмыстар туралы», бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Жігітеков Алтай Сапарбекұлы хабарлады.
«Банкроттық» - деген сөз қазақстандықтарға «қаржылық күйреу», «кредиторлармен есеп айырысу үшін мүліктен айырылу» және «бизнестің міндетті түрде таралуы» ұғымдарын білдіреді. Бүгінгі күнге дейін заң шығару базасы, банкрот деп танылған кәсіпорын үшін қайта жандандыру көздері табылған немесе қалпына келтіру жоспары әзірленген жағдайда банкроттықты тоқтатып, оны «жандандыру» мүмкіндігін қарастырмаған.
- Былтырғы жылғы маусым айындағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясы тарапынан 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспары шеңберінде бизнесті сақтап қалу тетіктері мақұлданғаны, аталған жағдайды түбегейлі шешуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы, өткен жылдың қараша айында, Үкіметтің кеңейтілген отырысында тапсырмалар бере отырып, осыған ерекше көңіл аударып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Спикердің айтуынша, аталған заңда рәсімдерді оңтайландыруға және мерзімдерді қысқартуға бағытталған шаралармен қатар елеулі кәсіпкерлерге өз бизнесін сақтау үшін жаңа тетіктер қарастырылған, - деп хабарлады өз баяндамасында Алтай Сапарбекұлы.
Мекемелердің қарыздарын өтемеуі жайлы айта кететін болсам, 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінде оңалту рәсімінде 3 салық төлеушінің жалпы соммасы 525,6 млн. тенгені құраса, ал қалған қарыздары бюджетке 372,5 млн. тенге. Мекемелердің қарыз төлемдері 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап, 29 кәсіпорындардың барлық кредиттік қарыздары 1650,0 млн.тенгені құраса, ал бюджет алдындағы қарыздары 667,6 млн.тенге. 2016 жылдың 8 айында , басталған істің 11 кредиттік қарыздардың 2423,3 млн.тенге, ал бюджет алдындағы қарызы 2393,0 млн.тенгені құрап отыр.
Сонымен қатар, 5 басталған істің жалпы кредиттік қарыздары 556,9 млн.тенге, бюджет алдындағы қарызы 41,5 млн. тенге. Төлей алмаған қарыздарды реттеу мәселесіне келетін болсақ, 2016 жылдың 8 айында қарыздарын өтемеген 13 салық төлеуші болса, олардың барлық кредиттік қарыздары 1513,2 млн.тенге, ал бюджет алдында 779,5 млн.тенгені құрап отыр, - деп салық төлеушілердің қарыздары жайлы жалпы айтып өтті спикер.
Қорытындылай келе айтарым, бүгінгі күнгі қиын экономикалық кезеңде, төлем қабілетсіздіктің қазақстандық жүйесі бизнес субъектілер үшін дағдарыс салдарын жеңудің қосымша мүмкіндіктерін ұсынуға ұмтылуда.
Біздің мақсат, аталған жаңа тетіктердің артықшылығы және өзінің бизнесін сақтап қалу мүмкіндіктерін кәсіпкерлерге дейін жеткізу. Сол себептен, бүгінгі күні, бизнес өкілдер арасында белсенді түсіндіру жұмыстар жүргізілуде.
Өз кезегінде, осы мүмкіндікті пайдалана отырып,берешектері бар және банкрот деп танылған бизнес өкілдерін,аталған рәсімді қолдануға шақырамын, - деп өз сөзін түіндеді Алтай Сапарбекұлы.