Түлкібастағы индустриалды аймақта кірпіш зауыты салынбақ

Аймақ
08.10.2016, 01:00

1754-300x300Түлкібас ауданында Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жоспарға сай орындалуда. Ауданда «Үдемелі индустриялды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасындағы жоспарды орындау үшін Индустрияландыру картасына бірнеше жобалар егзілуде,-деп жазады rgmedia.kz. Мәселен «Арсен Ас» ЖШС-нің «күйдірілген кірпіш шығару зауытын іске қосу» жобасы жүзеге асырылмақ. Жобаның жалпы құны 650,0 млн. теңге, 21 адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, жалпы сомасы 900,0 млн. теңгеден асатын 3 жобаны қаржыландыру Индустрияландыру картасына ұсынылған болатын. Оның екеуі, атап айтсақ жалпы құны 2 664,0 млн. теңге болатын «Еңбекші 2016» ЖШС бидайды терең өңдеу кәсіпорны, жалпы құны 530,0 млн.тенге «Кентау» ЖШС концентрат және табиғи сусындар өндіру цехы аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды. Жалпы құны 709,6 млн. тенге болатын «Ет өнімдері KZ» ЖШС құрама жем өндіру базасына қатысты жоба қаралуда. Ал, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 10 жобаны қаржыландыру көзделген. Аудан әкімі Әуелхан  Тұрғымбековтың есептік мәліметтеріне қарағанда, бірінші бағыт бойынша ұсынылған 2 жобаға 23, 0 млн. теңге берілсе, «Жалын» ЖК-і 3,0 млн. теңге алыпты. Сондай-ақ, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қаралған екінші бағыт бойынша үш жоба ұсынылып, оның бірі аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданса, екеуі қаралуда.  Ал, экспорттаушы кәсіпорын «Түлкібас әк зауыты» ЖШС банк несиелерін субсидиялауға құжаттары әзірленуде.

Сұхбат

PhotoRoom