ОҚО мен Өзбекстан шекарасында сауда аймағын құру жоспарлануда

Аймақ
11.10.2016, 00:13

66Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары У.Розукуловпен кездесу өткізді.

Кездесуде аймақ басшысы мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеметімен таныстырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Қазақ-өзбек қатынасын жақсартып, тауар айналымын ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізіліп, ортақ келісімге қол жеткізілді. Аталған келісімнің шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы қос елдің шекарасы маңында сауда аймағын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, екіжақты басқосуда жыл соңына дейін Шымкент қаласында өзбек тауарөндірушілерінің көрмесін ұйымдастыру14355636_1082694341846904_7616598640661369208_n жөнінде мәмілеге қол жеткізіліп, арнайы жұмыс тобы құрылатын болды.

Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары барысында У.Розукулов облыстың бизнес мүмкіндіктерімен танысты. Атап айтқанда, көршілес қонаққа «Химфарм» АҚ және «Kaz Kioti» ЖШС-ның трактор зауытының жұмысы көрсетілді. Өзбекстан Республикасының вице-премьері «Химфарм» АҚ-ның өндірісіне тәнті болып, өз елінде мұндай деңгейдегі кәсіпорынның жоқтығын жеткізді. Бұдан бөлек, делегация құрамында болған өзбек кәсіпкерлері «Kaz Kioti» ЖШС-мен әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екеніне ниет білдірді.

Өзбекстанда жасалған жүк көліктері, мақта терім комбайндары және тұрмыстық техникалардың көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды аймағында көрсетілді.

Сұхбат

PhotoRoom