Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары Комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Мұхатов Жұмабек Сәдуақасұлы хабарлады.
Спикердің айтуынша, 2016 жылдың мамыр-маусым айларында жауын шашынның мөлшерден көп түсуіне байланысты Талас өзенінің жоғарғы салаларында су тасқыны болып өтті. 05.06-17.06.2016 жылы Киров су қоймасына судың түсуі орташа 135,5 м3/сек құрап, су қойманың көлемі 542,2 млн.м3 –ден 548,2 млн.м3 дейін көтеріліп, судың тасталуы 93,8 м3/сек-тан 210,0 м3/сек дейін жетті. Маусым айының 5-нен 6-на қараған түні көп тасталған судың әсерінен (130-140 м3/сек) «Қазгидромет» РМК Жамбыл филиалының Жасөркен ауылындағы трансшекаралық су бекетін су шайып кетті.
Орын алып отырған жағдайға байланысты, облыс деңгейіндегі барлық аудан әкімдері мен Төтенше жағдайлар Департаменті және басқа да тиісті мекемелер 2016 жылғы 16 маусымдағы №18-16-511 Шу-Талас бассейндік инспекцияның (бұдан әрі-Инспекция) хатымен, су тасқынының алдын-алу алу шараларын ұйымдастыру қажеттігі ескертіліп, барлық аудан әкімінің орынбасарларының басшылығымен тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды. Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен облыстық, аудандық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі «жоғары» режимге ауыстырылды.
Киров су қоймасының көлемі 542 млн. текше метрден 548 млн. текше метрге дейін жетіп, тасталып жатқан судың ағынын 210 м3/сек жеткізді. Орын алып отырған су тасқыны жағдайына байланысты Қырғыз Республикасына (К.Таштаналиев) ықпал ету туралы ҚР АШМ Вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа, Су және биологиялық ресурстары департаментінің басшысы И. Ковальға және Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Ә.Әбішевке 27.05. 2016 ж. №18-16-430, 06.06.2016 жылы №18-16-470 хаттар жолданды, – деп хабарлады спикер.
Аудан әкімдерінің сұрауымен, Киров су қоймасынан тасталатын судың ағынын 5-9 тамызда 100,0 м3/сек -нан 60,0 м3/сек, екінші рет 13-25 тамыз аралығында, 50,0 м3/сек, үшінші рет қыркүйектің 1-нен 11-не дейін 20,0 м3/сек дейін қырғыз жағымен келісіліп азайтып берілді. Осы су азайтылған мерзімдерде су шайған жағалауларды және газ құбырын қалпына келтіру жұмыстарын атқару туралы аудан әкімдеріне, тиісті мекемелерге Инспекция тарапынан хат жіберілген.
Қазіргі таңда, Киров су қоймасынан күз, қыс айларында су тастау кестесі (бұдан әрі-Кесте) екі жақты қол қойылып, бекітілген. Киров су қоймасына түсіп жатқан судың мөлшері жылдағыдан 1,5 есе көп түсуіне байланысты, жалпы Киров су қоймасынан тасталытын суды 100,0 м3/сек, оның ішінде Қазақстанға 95,0 м3/сек қараша айының 1-не дейін тасталып, қоймадағы судың көлемін 82,5 млн. текше метрге азайту келісілген.