Шымкентке Қызыл кітапқа енген жыртқыштың күшіктері жеткізілді

Аймақ
11.10.2016, 00:36

20161010182054Шымкент зообағы америкалық қабыланның екі күшігімен толықты. Олар кеше ғана келді, алайда жаңа ортаға бейімделіп жатыр, деп жаздыotyrar.kz.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, марғаулардың зообаққа жеткізілуіне демеушілер көмектескен.

Пумаларды  17 сағаттан астам зообақ қызметкерлері бақылап жүр. Олар жаңа ортаға тез бейімделді. Бірнеше сағаттан кейін марғаулар сүт ішіп қана қоймай, сонымен қатар етті де жей бастаған.

Ұрғашы қабылан марғаулары қарағандылық цирктен әкелінді. Олар 3,5 ай бұрын дүниеге келген.

Сұхбат

PhotoRoom