ОҚО-да «Ырыс» ұйымы қаржыландырған 25 үздік жоба анықталмақ

Аймақ
11.10.2016, 22:59

14691070_1083294685120203_1536852507328882773_n

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты «Ырыс» микроқаржы ұйымы өзі арқылы қолдау тапқан кәсіпкерлер ішінен ең үздік деген жобаларды анықтауды бастады.

«Үздік жоба» аталымы – «Ырыс» қаржы ұйымынан алған несиені мақсатты пайдаланған, ай сайынғы төлемін уақытылы қайтарып отырған және облысымыздың кәсіпкерлік саласын дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізіп отырған жиырма бес кәсіпкерге табысталады.

Бұл өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерліктің артуына септігін тигізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарға көрсетілген құрмет деп білеміз.

16 желтоқсанға дейін жалғасатын шараның нәтижесі туралы барлық ақпаратты жергілікті БАҚ пен «Ырыс» МҚҰ-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы білуге болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Ырыс» МҚҰ арқылы 3 266,9 млн. теңгеге 1499 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде, көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына құны 1 387,9 млн. теңгені құрайтын 834 жоба жүзеге асырылса, мал бордақылау алаңдарын салу үшін 1 427,1 млн. теңгеге 541 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, шағын тауарлы сүт фермаларын ашу мақсатында құны 79,1 млн. теңгеге отыз үш жоба іске қосылып, басқа да қызмет түрлеріне кіретін жобаларға құны 372,7 млн. теңгені құрайтын тоқсан бір жоба қаржыландырылды.

Сұхбат

PhotoRoom