Жамбыл облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Мершиев Евгений Викторовичтің қатысуымен «Жалпы облыстық сейсмо жаттығуды өткізу» атты тақырыпта брифинг өтті. Брифинг барысында Евгений Викторович өз баяндамасымен толық таныстырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауап берді.
Е.Мершиевтің хабарлауынша, Тараз қаласы 8 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жойқын жер сілкіністің болу мүмкіндігінің куәсі ретінде, жыл сайын орын алатын 2-3 баллдық, 2-ден 5 ретке дейінгі болатын кішігірім жерсілкіністерінің болуы. Бұдан басқа облыс аумағында тіркелген 7-8 баллдық жерсілкінісін (Жамбыл - 1971 жыл, Т.Рысқұлов - 2003 жыл) естеріңізге салғым келеді.
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйектегі облыстық төтенше жағдайларды алдын-алу және жою комиссиясының отырысында «Облыстағы сейсмоқауіпсіздікті нығайту» сұрағы қаралды. Осы отырыста жойқын жерсілкіністен болатын шығынды азайтуға арналған практикалық іс-шараларға, оның ішінде сейсмоқауіпті объектілерді тексеру, күшейту жобаларын өңдеу, апаттық жағдайдағы ғимараттардың орнына сейсмикалық тұрақты объектілердің құрылысын салуға аса көңіл бөлінді, - дейді спикер.
Сонымен қатар, қатысушыларға жерсілкінісінің дайындығына аса көңіл бөлу керектігін қажет деп есептеймін – ол барлық басқару органдарының дайындығына және де дұрыс іс-қимылға халықты оқыту. Бұл бағытта облыс, қала және аудан әкімдіктерімен бірге «Республикалық оқу - методикалық орталығы» ЖШС төтенше жағдайлар департаментінде әр сала бойынша оқыту жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілуде. Қазіргі таңда шаруашылық нысандарда әр түрлі оқу-жаттығулар, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сипаттағы мақалалар жарияланып өткізілуде.
Спикердің мәлімдеуінше, жойқын жер сілкінісі болған жағдайда жарақат алғандар мен қаза тапқандар көбейеді, байланыс және тіршілік көздері бұзылады, кезек күттірмейтін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге іріткі салушылар көбейеді, мұндай жағдайлар орын алмас үшін алдын-ала жоспарлаудың арқасында шығынның азайуына қол жеткізуге болады.
2016 жылдың 4 сәуірінде облыс әкімімен бекітілген 2016 жылға арналған Жамбыл облысы азаматтық қорғау күштері мен басқару органдарының дайындығы іс-қимылдарының жоспарына сәйкес, 13-14 қазан күні жалпы облыстық сейсмо жаттығу және Тараз қаласында «Жамбыл облысы аумағында жойқын жерсілкінісі туындағанда авариялық-құтқару қызметтері күштерінің, басқару органдарының іс-қимылы» тақырыбында командалық оқу-жаттығу өткізіледі.