Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Бекболатұлы Такеев хабарлады.
Спикердің айтуынша, 2016 жылдың 5 қазанындағы Киров су қоймасының жағдайы, су толымдылығы 245,2 млн.м3, жобалық сиымдылығы 550,6 млн.м3, қоймаға судың келуі – 44 м3/сек, жалпы тасталуы – 95,6 м3/сек оның ішінде Қазақстандағысы – 90 м3/сек.
Сонымен қатар спикер өз баяндамасында, 05.10.2016 жылы сағат 12:05 мин. Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік кезекшісіне Байзақ ауданы, Қостобе ауылына жақын маңда Талас өзенінің 20 метр бөгеті шайылып, нәтижесінде Қостөбе аулының Атабеков және Сейфулин көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерінің аулаларына су кіргені жөнінде хабар түскен (су деңгейі 5-10 см).
Тәулік ішінде жергілікті атқарушы органдардың күшімен (30 адам 9 техника) және Байзақ ауданы №8 ӨСБ-мен (9 адам 1 бірлік техника) бірлесе отырып, өзен арнасының және суару каналының жағалауларына күшейту жұмыстары жүргізілді.
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қазандағы №483 қаулысымен «Жергілікті аумақтық» төтенше жағдай жарияланды.
Жергілікті атқарушы органдардан – 25 адам және 11 техника, Байзақ ауданы №8 ӨСБ – 10 адам жеке құрамда 1 техникамен Талас өзенінің жағалауындағы шайылған жерлерге күшейту жұмыстарын жүргізуде.
Департамент «жедел құтқару жасағы» мекемесінің 10 адамымен жеке құрамы және 3 арнайы техникамен Талас өзенінің арнасындағы талдардың бұталдарын және қоқыстан 5 шақырым тазартылды.
Жағалауды күшейту жұмыстары 100 метрге дейін тастармен жүргізілді және 2 экскаватор техникасымен өзен табанының ұзындығы 150 метрге, ені 30 метрге дейін тазаланды.
Тұрғын үйлерді су басудан алдын алу мақсатында 5 каналдар қазылып, судың ағысы Талас өзеніне қарай қайтадан бұрылды.
Талас өзенінің жағалауына күшейту жұмыстары жүргізілуде,-деп мәлімдеді Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Бекболатұлы Такеев.