Көшербаев Қызылорда облысының даму картасын ұсынды

Аймақ
30.07.2014, 17:31

 

БАЙҚОҢЫРЛЫҚ БІЛІМ ОШАҚТАРЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТАНДАРТҚА КӨШЕДІ

2015 жылы Байқоңыр қаласының білім ошақтары қазақстандық стандартқа көшеді. Облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында өңір басшысы Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді.

«Байқоңыр қаласындағы мектептерімізді қазақстандық стандартқа көшіру мәселесі оң шешімін табуда. Жыл аяғына дейін екі елдің білім және ғылым министрліктері арасында барлық қажетті құжаттарға қол қойылады деген сенімдемін. Сөйтіп, 2015 жылдан бастап байқоңырлық мектептер біздің елдің стандарты бойынша жұмыс істейтін болады», - деді Қырымбек Көшербаев.

Сонымен қатар қазіргі кезде өңірлік даму министрлігі Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың кешенді жоспарын бекіту жөніндегі үкімет қаулысын дайындауда.

ACD_1203

«Металлургия саласы өңірлік экономиканың тірегі»

Қызылорда облысыың тау-кен металлургиялық кешенін дамыту бойынша «Жол картасы» қабылданды. Бастапқы кезеңде «Шалқия» қорғасын-мырыш кенорнындағы кенішті кеңейту және жылына 4 млн. тонна кен шығаратын комбинат құрылысы, «Бала-Сауысқандық» кенорнындағы кен базасын кеңейту және кен өңдеу көлемін жылына 1 млн. тоннаға дейін ұлғайт, Қызылорда қаласында қуаттылығы 162 мың тонна төмен-аллюминийлік ферросилиций шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысын салу секілді ірі жобаларды жүзеге асыру көзделуде.

«Мұнай, газ, уран секілді шикізатты өндірумен қатар, металлургия саласы өңірлік экономиканың тірегі, ал кейіннен – халықтың білікті жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін – базисіне айналуға тиісті», - деді бүгін облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Шалқия кен орнын қалпына келтіру жұмыстары басталды

Жақында кенорнын өндірумен айналысатын «Шалқия Цинк LTD» ЖШС-нің 100 пайыз үлесі «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясына берілді. Қазір кен орнында финляндиялық инвесторлармен бірге жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Алдағы үш жылда құрылыста 945 адам жұмыс жасап, 469 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылады. Облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында өңір басшысы Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді.

Кенішті және кен байыту фабрикасының бірінші кезеңін 2017 жылдың соңына дейін іске қосукөзделуде. Комбинат сол кезде жылына 2 млн. тонна кен өңдеп шығаратын мүмкіндік болады. Ал, екінші кезеңін іске қосу 2019 жылғажоспарланға. Комбинат толықтай жоспарлы өндірістік қуатына кіріскенде жылына 4 млн. тонна кен шығарып, онда 1500-ге дейін жұмысшылар қызмет етеді.

ACD_1221

ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАНДА 700 АДАМ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Қызылордада салынатын ферроқорытпа зауытының стратегиялық инвесторы белгіленді. Ол – қытайлық ірі мұнай-химиялық «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co., Ltd» (Baota) компаниясы. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында мәлімдеді.

Бұл компанияның үлесі 33 пайызды немесе 80 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындадық. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізіп, құрылыс жұмыстары басталады деген үміттеміз. Бүгінде кәсіпорын құрылысы үшін бұрынғы ЦКЗ орнынан және Қызылорда ТЭЦ-не қарасты аймақтан (50 га) жер учаскесінің ресімделуі жүріп жатыр, - деді Қырымбек Көшербаев.

Зауыт іске қосылған уақытта мұнда 700-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады.

«Ферроқорытпа зауытын бағасы 1 КВт/сағаты 6 теңгеден жоғары болмайтын 200 МВт көлеміндегі электр қуатпен қамту қажеттігін ескере отырып, ТЭЦ-ті жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз ету қажет. Бұл да оңай шаруа емес, алайда оны тез арада шешуіміз қажет, - деді өңір басшысы.

ACD_1239

Арал ауданында ыдыс-аяқ және кальций содасын шығаратын зауыт салынады

Облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында өңір басшысы Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді.

Ирандық компания бұдан бөлек, шыны зауытында қаржыландырмақ. Зауыттың құны – 260 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Компания басшыларының облысымызға сапары кезінде келісімге қол қойдық. Алдағы тамыз айында серіктестеріміз құрылыс жұмыстарын бастауға тиіс. Біздің міндетіміз – ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін инженерлік инфрақұрылымды жеткізіп, теміржол тұйығының мәселесін шешу, - деді Қырымбек Көшербаев.

Биыл осы өндіріске қажетті мамандар мен жұмысшы кадрларды жергілікті тұрғындардан дайындау басталады.

Тұрғын үй-құрылысы комбинатына қатысты жұмыстар басталды

Жобаның құны 1 млрд. 300 млн. теңгені құрайтын РМЗ «Шапағатпен» бірлескен тұрғын үй-құрылысы комбинатына қатысты жұмыстар басталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

«Құрал-жабдықтар сатып алу үшін «БРК-Лизингтен» қаржы тартылды. Ал, «Weiler GMBH» неміс компаниясы жабдықты жеткізуші болып белгіленді», - бүгін облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Жыл басынан облыста 120 мың текше метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артық.

21 ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Қызылорда облысында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Енді оған 21 елді мекенді қосу міндеті тұр.

«Осылайша тұрғындардың 70%-ын газбен қамтамасыз ететін боламыз. 2013 жылы барлық қажетті құжаттар әзірленді. Қазіргі кезде өңірлік даму министрлігімен құрылысты қаржыландырудың мәселелері қарастырылуда. Елді мекендерді газдандырудың мәселелерін қарқынды шешу үшін «ҚазТрансГазАймақ» компаниясымен 4 ауданның орталықтарын – Арал қаласын, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттерін, сонымен қатар Байқоңыр қаласын газдандыру жөнінде келісімге қол жеткіздік», - деді бүгін облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Аталған елді мекендердің өзінде облыс халқының 23 пайызы немесе 70 мыңға жуық адам тұрады. Газдандыру жұмыстары көп ұзамай басталады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» желісінен 5 газ құбыры тармағы және кентішілік газ бөлу желісі, АГРС (газ тарату стансасы) салынатын болады.

Аймақ инфрақұрылымын дамытуға «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы барлығы 23 млрд. теңге тікелей инвестиция салады.

Биыл 10 мыңнан астам тұрғын таза ауыз суға қосылады

Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 8 млрд. теңге қаражат бөлінді. 21 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Олардың 10-ы биыл аяқталады. Атап атйсақ, Қазалы (Байқожа елді мекені), Сырдария (Мәлібаев елді мекені), Шиелі (Жөлек, Алмалы, Тәжібаев елді мекендері) аудандарындағы және Қызылорда қаласындағы (Ақжарма, Абай, Айнакөл елді мекендері) жобалар бар. Нәтижесінде 10,5 мың адам тұратын 8 елді мекен тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

«Біз облыс орталығын сумен жабдықтау және суды сыртқа шығару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды бастадық. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленуде. «Қызылорда су жүйесін» автоматты басқарылатын энергия үнемдегіш технологияға көшіру жоспарлануда. Аталған жобаны жүзеге асыру бағытында наурыз айындаЕуропалық қайта құру және даму банкімен қосымша қаржыландыру жөнінде келісімге қол қойдық. Жобаның құны 15,5 млн. доллар. Банк 10 млн. доллар қаржы беретін болды, қалғанын өзіміз табамыз», - деді бүгін облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Қызылжарма жер асты су кенішін игеру жөніндегі жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінде қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін көзделген 85 ұңғыманың 38-іжұмыс істеп тұр.

ACD_1238

Жылу маусымына дайындық басталып кетті

Қызылордада жылу маусымына дайындық басталып кетті. Өткен жылы жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегаты жаңартылды. Биыл тағы 2 жылу агрегатын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның бірі қосалқы болып саналады.

«Теңгенің девальвациялануына байланысты үдерістерге қарамастан біз жылу маусымының аяғына дейін жылу тарифін өсірмедік. Бірақ біз алдағы күзгі, қысқы кезеңді жаңа тарифтерменбастаймыз. Халыққа арналған тариф

8 пайызға қымбаттайды. Өкінішке орай, біз үшін бұл мәжбүрлік қадам, олай істемеске амал жоқ. Әйтпесе қажетті кәсіпорынды шығынға батырамыз», - деді бүгін облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Әлеуметтік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы мекемелерді жылу маусымына дайындау үшін 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінбек. Оған қоса, Қызылорда жылу электр орталығын жаңғырту мен кеңейту жобасының техникалық экономикалық негіздемесі жасалды. Мақсат – электр қуатын өндіру көлемін арттырып, аймақтың энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

Жалағаш элеваторына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Салаға бөлінетін қаржы екі жылда 8 млрд.теңгеге ұлғайды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Агробизнес-2020» бағдарламасымен қатар «Байқоңыр ӘКК» жүйесі бойынша да көмек алуда. Үстіміздегі жылы облыс диқандарына “Байқоңыр” агрохолдингі арқылы күрішті килограмын 50 теңгеден сатып алу арқылы қолдау көрсетілуде.

«Бүгінгі күні Жалағаш элеваторында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал тамыз айында тәулігіне 150 тонна күріш ақтайтын жаңа күріш ақтау зауытының қондырғыларын құрастыру басталады. Бұл қондырғылар бүгінде сатып алынған», - деді бүгін облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ, элеватор үшін ауыл шаруашылық және транспорттық техника алынып, машина-трактор паркі жаңартылды. Аймақ басшысы бюджетті нақтылау барысында тағыда 1 миллиард 300 миллион теңге бөлінетінін атап өтті.

Жыл соңына дейін құрама жем зауытының құрылысы аяқталады

Қызылорда қаласында құрама жем зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Кәсіпорынға германиялық заманауи қондырғылар (“Петкус”зауыты) алынған, жыл соңына дейін зауыт іске қосылады. Облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында өңір басшысы Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді.

6 айда 5700 жаңа жұмыс орны ашылды

Ағымдағы жылдың алты айында 5700 шамасында жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жыл бойына жоспарланып отырған көрсеткіштің 60 пайызын құрады.

«Біздің ең басты міндетіміз - барынша тұрақты жұмыс орындарын ашу болып отыр. Статистика көрсеткендей, облыста шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субьектілері қарқынды өсуде (101 пайыз). Бұған Мемлекет басшысытарапынан тексерулерге жасалған мораторий сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жасалып жатқан қолдау іс-шаралары әсер етуде. Тек қана «Жұмыспен қамту - 2020» Жол картасы бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджеттен 2,3 млрд. теңге тарта алдық», - бүгін облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы тұрғындардың жағдайы жақсарып келе жатқандығына тоқталды.

«Тұрғындар табысының өсуі (7,7 пайызға дейін), бөлшек тауар айналымының 25 пайызға дерлік өсуі, сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындар салымының артуы(жан басына шаққанда 21 пайызға) аймақ тұрғындарының әл-ауқаты жақсарғанын көрсетеді», - деді Қырымбек Көшербаев.

БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ ШЕШІЛДІ

Байқоңыр қаласындағы перзентхана ғимаратына қатысты барлық мәселе шешілді. Бұл нысан 2010 жылы салынған болатын. Сол уақыттан бері жұмыс істемей келді.

«Оны ауысымына 100 адамды қабылдайтын емханасы бар 120 орындық көпсалалы ауруханаға айналдыруға шешім қабылданды. Нысан облыстық медициналық орталықтың филиалы ретінде тіркелді. Қазіргі заман жабдықтарымен жабдықталған және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Медициналық көмектің барлық түрін көрсететін үлкен емдеу-профилактикалық мекемесі болады», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында.

Соның ішінде жоғары технологиямен жабдықталған бұл емдеу орны Қармақшы, сондай-ақ Арал және Қазалы аудандары тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін біз Үкіметтің резервтік қорынан 600 млн. теңге алынды.

«Жыл соңына дейін терапия бөлімшесі мен емхана ашылатын болады. Ал кешеннің барлығы, атап айтқанда неврология, хирургия, травматология, гинекология және жан сақтау бөлімшесі 2015 жылы толыққанды пайдалануға беріледі», - деді аймақ басшысы.

Бұл жерде жалпы саны 500-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейтін болады. Мұнан басқа, таяуда ғана облыстық көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы басталды.

 

Сұхбат

PhotoRoom