Тараз қаласы «Айбек-Арена» спорт кешенінде Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ішкі саясат басқармасы, жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы!» атты облыстық кіші футбол турнирі өтті. Турнирге арнайы бекітілген ережеге сәйкес, облыстың барлық аумағынан 19 командадан 120-ға жуық жастар қатысты.
Аталған спорттық шара терроризмге қарсы міндетін атқарып қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға, жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, саламатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылп отыр.
Жарыс қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған командалар және «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша ұйымдастырушылар тарапынан арнайы тағайындалған сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.