Оңтүстік Қазақстанда заманауи ақпарат орталығы ашылады

Аймақ
30.07.2014, 20:30

 Бүгін ОҚО әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылын және ынтымақтастығын жетілдіру бойынша отырысы өтті.

   Кеңес отырысын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали ашып, БАҚ-та жарияланатын мәліметтердің мазмұндық сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу және заң талаптарын сақтау жайын баяндады.

«Жақында облыс әкімдігінің қаулысымен облыс әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды. Негізгі мақсат – жергілікті атқарушы органдармен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылын және ынтымақтастығын жетілдіру бойынша кездесу өткізіп, ұсыныстарыңызды, пікірлеріңізді тыңдап, жан-жақты ой бөлісу болатын», - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы.

  Жиын барысында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен республикалық БАҚ өкілдері еркін тақырыпта сөз сөйлеп, өздерін толғандырып жүрген өзекті проблемалар жайында ой бөлісті.

  Жиынды қорытындылаған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы Құрманғали қара шаңырақ саналатын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдығын абыроймен атап өту облысымыздағы барлық журналистер қауымының міндеті екенін айтты. Сонымен қатар, жас журналистердің біліктілігін арттырып, кәсіби шеберліктерін шыңдау үшін беделді журналистердің қатысуымен арнайы семинарлар мен кездесулер өтетінін және Оңтүстік Қазақстанда еліміздегі Орталық Коммуникациялар Қызметі үлгісінде заманауи ақпарат орталығын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom