Жиынға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқығы жөніндегі орынбасары Сабыржан Сүлейменов пен 6506 әскери бөлімінің командирі Жамбыл Қульбаев және аталған саланың өзге де қызметкерлері қатысты.
Басқосуда С.Сүлейменов аймақ басшысына мерейтойлық медаль табыстады. Өз кезегінде, жасалған жоғары құрмет үшін өңір басшысы қонақтарға алғысын білдіріп, Тәуелсіз елдің ең басты қажеттіліктерінің бірі – оның қауіпсіздігі екенін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу баршаның міндеті екенін жеткізді.
Сондай-ақ, ел шебін қорғаушылармен болған кездесуде І дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісімен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас инспекторы Мейіркүл Батырбекова марапатталса, ІІ дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісі Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлегенге табысталды.
Әскери– патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастар арасындағы жоғары патриоттық түйсікті өз Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуды құруға бағытталған көп жоспарлы, жүйелі, мақсатты іс – әрекет.