ШЫМКЕНТТЕ ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЖОБА ЖҰМЫС БАСТАДЫ

Аймақ
20.10.2016, 22:15

14729403_1804826706430355_3609233321038799632_nТұңғыш рет Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан жаңа мемлекеттік қызмет көрсету орталығы--"ФРОНТ-ОФИС" ашылды. Қаладағы Т.Рысқұлов көшесі №8А мекен-жайында орналасқан бұл офис бүгінде ТМД-дағы теңдесі жоқ жоба болып отыр. Мұнда қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін бір жерден "Бір терезе" жүйесі арқылы ұсынады.

Бүгін, өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен жобаның лентасы қиылды.

Сала жауаптыларының айтуынша мемлекеттік қызмет көрсетудің бұл түрі14670852_1804826839763675_8957401426299500133_nбизнес жүйесінің өкілдеріне сенім береді дейді.

"ФРОНТ-ОФИС" жүйесі өтініш иесінің құжаттарын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды арқылы беріліп, тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзімде қаралған соң, жауабы "Фронт-офиске" бағытталып, тұрғындарға беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекен-жайына жіберіледі. Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар қала тұрғындары бұл жобаға "shymkent.gov.kz/frontoffice" сайты арқылы кіруге немесе байланыс орталығының 545-545 телефонына қоңырау шалу арқылы ақпарат алуға болады. Бұл бір сөзбен, ыңғайлы, жылдам әрі заман талабына сай қызмет түрі болып саналады.

Айта кетерлігі, бұл кеңседе 25-26 маман еңбек етіп, 100-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсететін болады деп жоспарланып отыр. Барлық өтініш, сұрақтарға ҚР Заңнамасында белгіленген мерзімде жауап берілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom