Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов мәлімдеді.
Аудан бойынша 2016 жылдың есепті мерзімінде 1 269,8 млн теңгенің бөлшек саудасы жасалып, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне нақты көлем индексі 97,5 пайызды құрады. Облыстық көрсеткіш 99,4 пайыз, аудандар арасында 4 орында тұр. Ауданда өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар ағымдағы жылдың 9 айында 3667,7 млн. (2059,8) теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 101,2 пайызды құрады, - деп хабарлады спикер.
Сонымен қатар, ол агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2016жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 24 бас асыл тұқымды МІҚ малы сатып алынып, 3,6 млн. теңге, 8 бас жылқыға 320 мың теңге, 2920,7 тонна сүтке 15 млн. теңге, 1,57 тонна сиыр етіне 4,7 млн. теңге, 12,5 тонна қой етіне 1,2 млн. теңге, мал бордақылау алаңына өткізілген 629 бас МІҚ -15,0 млн. теңге, барлығы 39,8 млн. теңге субсидия төленіп отырғандығын айтты. Ал сыбаға бағдарламасы аясында 40,1 млн. теңгеге 243 бас мүйізді ірі қара, Құлан бағдарламасы бойынша 68 млн. теңге несие алып, 248 бас жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 34,6 млн. теңгеге 1345 бас қой сатып алынды, - деп хабарлады Б. Көпбосынов.