Қазығұрттық диқандар жылыжайдан 20 мың тоннаға жуық көкөніс жинады

Аймақ
26.10.2016, 22:18

zhylyzhay_2

Қазығұрт ауданында бүгінде жылыжай көлемі тоқсан гектарға жетіп отыр. Осы маусымда аталған жылыжайдан қазығұрттық диқандар 19875 тонна  көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда екі жүздей азамат еңбек етеді.

Таулы аймақта жылыжай салуда тұрбаттықтар озып тұр. Солардың бірі «Рахмат ата» шаруа қожалығы. Ел алғысына бөленген ұжым жиырма азаматты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік 1,6 гектар жерде «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын егіп, бүгінде екінші кезеңнің дақылдарын жинауда.

Тұрбат ауылының халқы жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. Жиырма гектардан астам жердің әр гектарынан жүз тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алып отыр.

Айта кеткен жөн, аудан шаруалары отандық өнімді Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына жөнелтуде.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы жылыжайлардың сексен жеті пайызы осы біздің облыста орналасқан. Жалпы, облыс бойынша бүгінде көлемі 1116 гектар жылыжай бар болса, келер жылы оның көлемі тағы жүз гектарға ұлғаймақ. Бұл өз кезегінде, Оңтүстікте жылыжай кластерін құруға мүмкіндік береді.

 

Сұхбат

PhotoRoom