«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» жаңадан бастап жатқан кәсіпкердің несиесінің 85% кепілдікпен қамтамасыз етеді

Аймақ
27.10.2016, 21:16

1428485434_damu1«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» жаңадан бастап жатқан кәсіпкердің несиесінің 85% кепілдікпен қамтамасыз етеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша «Даму» КДҚ» АҚ АФ құзыретті арттыру бағдарламалары бойынша бас менеджері Есжанов Жасұлан Алпамысұлы мәлімдеді.

Жасұлан Алпамысұлының баяндауынша, 2010 жылдан бастап «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық агенті және операторы қызметін атқарады.

Бағдарлама шеңберінде «Даму» қоры, шағын - орта бизнесті қолдауға екі қаржылық құрал қолданады. Олар: екінші деңгейлі Банктер (бұдан әрі - ЕДБ) берген несиелердің пайыздық үстемесін ішінара субсидиялау және ЕДБ берген несиені қамтамасыз етуге жартылай Кепілдік беру, шарттары:

Басым секторларда (облыс орталығы және қалаларда) жүзеге асырылатын жобалар бойынша берілген несиенің, жылдық пайыздық үстемесінің 7% субсидияланады, ал ауыл, ауылдық округтар орталығы, шағын және моно қалаларда жүзеге асырылатын жобалар бойынша берілген несиенің, жылдық пайыздық үстемесінің 10% субсидияланады.

* Жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлердің ЕДБ алған несиесін 50%-ы, жаңадан бастап жатқан кәсіпкердің несиесінің 85%-ы кепілдікпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде қаржылық емес жобалар аясында қолдау көрсетіледі. «Шағын және орта кәсіпкерлік топ - менеджментін оқыту» компоненті «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары мектебі базасында «Бізнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында шетелдік оқыту орталықтарын тартумен табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқарудағы машықтарды дамыту мен стратегиялық және тактикалық бизнес міндеттерді шешуге бағытталған.

Оған қоса, ШОБ субъектілерінің мәселелерін кешенді шешу мақсатыдна 2013 жылдың 26 наурызында, Тараз қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда кәсіпкерлерге және кәсіпке ынтасы бар қала тұрғындарына бизнесті ашу әрі жүргізуге біріңғай кеңестер беріледі, - деді Ж.Есжанов

Сұхбат

PhotoRoom