ШҚО-да браконьерлермен күрес күшейді

Аймақ
27.10.2016, 21:48

1141e6a17987564b0160e10cdef9facc_lШығыс Қазақстандағы құзырлы құрылымдар браконьерлермен күресті күшейте бастады. Жыл басынан бері өңір прокурорлары мыңнан аса заңсыз балық аулауды әшкерелеп, 100 тонна балық тәркіленді,-деп хабарлайды 24.kz. Тарбағатай ауданында бұл іспен 2 қылмыстық топтың айналысқаны анықталды. Олар балықты заңсыз жолмен өңдеп, шекара асырып отырған. Оңай олжаға кенелгісі келгендер мемлекетке 1 жарым миллиард теңге көлемінде шығын келтірген. Енді күдіктілер қатаң жазаға тартылмақ. Алайда аймақта балық қорына қол сұғушылар айылын жияр емес. Соның кесірінен сазан мен сыла сияқты тұқымы сирек балықтар жойылудың аз-ақ алдында тұр.

Тимур Шақпантаев, ШҚО прокурорының аға көмекшісі: - Облыс прокуратурорларының тексерісі нәтижесінде соңғы аптада балықты заңсыз тасымалдаудың үш фактісі тіркелген. 45 тоннадан артық сыла балығын Ресейге бағыттаған тұста ұсталды. Жыл басынан бері 1183 заңсыз балық аулау фактісі тіркелген. Бұл браконьерліктің нақты көріністері деуге болады.

Сұхбат

PhotoRoom