ШҚО-дағы ірі кәсіпорындарда 10 жаңа ғылыми жоба жүзеге асырылады

Аймақ
27.10.2016, 21:56

195b873da0c58c689d7e5f3876e0f128_lШығыс Қазақстан облысының ірі кәсіпорындар 10 жаңа ғылыми жоба жүзеге асырылады.  Мәселен Үлбі металлургиялық зауыты облыстағы техникалық университетпен бірлесе отырып, магниттік-резонанстық томография жасауға арналған өткізгіштер өндіруді қолға алады. Ал «Қазақ мырыш» кәсіпорны төменгі сұрыпты концентраттарды атмосфералық сілтіден айыру технологиясын игеріп, қорғасын мен мырыш алудың Пирометаллургиялық әдістерін жетілдіруді діттеп отыр. Бұл туралы жоғары оқу орындары мен алпауыт зауыттардың басшылығы бас қосқан кездесуде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин мәлімдеді. Ол бірнеше кәсіпорынды аралап, жұмыс барысымен танысты. Сапар аясында делегация мүшелері «Азия Авто» зауытында болып, оның құрылысына жеңілдікпен несие беру жайын талқылады. Өңірдің өндірістік саласын жоғары бағалаған Асқар Мамин тың жобаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қуат Тұмабаев, облыс әкімінің орынбасары: - Сол 10 жоба бүгінгі кеңесте талқыланды. Кеңестен кейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. Осы жобалар 2017 жылдан бастап іске асырылады,-де жазады 24.kz.

Сұхбат

PhotoRoom