ШҚО-дағы өзен-көлдерге тұқы балығының 320 мың шабағы жіберілді

Аймақ
27.10.2016, 22:27

76f02b49e50268a7c91c88cb7e5797b3_lШығыс Қазақстандағы өзен-көлдерде балық санын көбейту шаралары басталды. Қара Ертістің сағасы мен Зайсан және Бұқтырма су қоймасына 320 мың тұқы балығының шабақтары жіберілді,-деп жазады 24.kz. Осылайша табиғатты қорғау құрылымдары судағы тіршілік иелерін көбейтудің қамына кірісті. Бұл жобаны жүзеге асыруға алғаш рет облыс қазынасынан 5 жарым млн теңге қаражат бөлініп отыр. Айта кету керек, су қоймалары маңайындағы ел үшін балықты көбейту жұмыстарының әлеуметтік маңыздылығы жоғары. Жалпы Ертістің бойында 18-ден астам елді мекен бар. Арман Есентаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:  - Өзен-көл жағасындағы ауыл-аймақ тұрғындары үшін бұл шараның маңызы ерекше екені сөзсіз. Біздің мақсатымыз да сол – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге сеп болу.

Сұхбат

PhotoRoom