Жамбылда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсанында 80 отбасы жаңа пәтерге қоныстанады

Аймақ
28.10.2016, 23:01

sam_1758«Бәйтерек Девелопмент» АҚ Басқарушы директоры Асылжан Құртаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Асылжан Әлiмжанұлы бұл бағыттағы жұмыстардың жүзеге асу барысы мен нәтижелері туралы баяндады.

Басқарушы директор алдымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттарды жан-жақты айтып өтті. Бүгін біз сіздермен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижелерімен бөліскіміз келеді. Елбасы біздің азаматтарымыз елдің кез-келген өңірінде толыққанды тұрып, еңбек етуі үшін, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету міндетін қойғаны белгілі. Бұл үшін «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-на бағдарламаның кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлер салу бағыты бойынша операторларының бірі ретінде, 113 млрд. теңге қаражат бөлінді. Тағы 67 млрд. теңге қоғамға жергілікті атқарушы органдар арқылы тұрғын үй объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін бөлінді.

Бүгінгі күні акционерлік қоғам Тараз қаласында 395 пәтер салуға жеке құрылыс салушылармен 5 инвестиция шарттарын жасасты. Сөйтіп, 2016-2017 жылдары біз Жамбыл облысында 22,5 мыңнан астам шаршы метр тұрғын-үйлердің құрылысын жоспарлап отырмыз. Қазір Тараз қаласының «Арай» тұрғын-үй массивінде алты көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінің құрылысы аяқталуда. Бұл үйді пайдалануға беру қарашаға жоспарланып отыр. Желтоқсанда алғашқы 80 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа пәтерлерге қоныстана алады. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында осы ықшам ауданда тағы 315 пәтердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, - деп сөзін аяқтап, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Сұхбат

PhotoRoom