ШҚО-да 355 млн теңгеге 2 сүт-тауарлар фермасы салынады

Аймақ
29.10.2016, 18:53

32095366462b9b14ffd0bd14499ef1ba_lШҚО-ның Үржар ауданында 200 басқа арналған сүт-тауарлар фермасын салу жөніндегі екі инвестициялық жоба іске асырылуда. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлағандай, инвестициялық жобалардың жалпы құны 355 млн теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Үржар ауданының шаруа қожалықтары басқа өңірлерден 47 млн теңге сомасына 189 бас ІҚМ, 387 бас ҰҚМ сатып алған.  Әкімдікте хабарлағандай, жеміс-көкөніс өнімінен Өскемен қаласы үшін 2500 тонна, Семей қаласы үшін 3200 тонна сатып алынған. Өңірлік тұрақтандыру қорының барлық тауары өнім берушінің сақтау қоймаларында толықтай сақталған.   Одан басқа, Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні ауданда 5 ӘКК құрылған: 2 балық саласы бойынша және 3 мал шаруашылығы бойынша. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде ІҚМ басы ұлғайған.  Ангус және Герефорд тұқымына жататын малдардың шетелдік іріктелімі әкелінген.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Сұхбат

PhotoRoom