Шығыс Қазақстанда марал өсірушілер жаңа технологияларды меңгеруде

Аймақ
29.10.2016, 18:58

cervus-elaphus-sibiricusШаруашылықтарда қытайлық зерттеуші ғалым қолдан ұрықтандырудың озық тәсілдерін үйретуде. Бұл жұмыстар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының марал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асуда.  Бұрын елімізде қолданылмаған тәсіл көрсеткішті 2 есе арттырды. 100 бас аналықтан 80-90-ға дейін төл алуға болады.  Облыста бүгінде 18 шаруашылықта 10 мыңнан астам марал өсіріледі. Оның мүйізі мен қанынан дәрі-дәрмек жасалады.

Чан Шау Мин, марал шаруашылығын зерттеуші ғалым /Қытай/ -Бұған дейін Жаңа Зеландия, Корея, Тайвань сияқты мемлекеттерде шеберлік сабақтарын өткіздім. Шығыс Қазақстандағы Алтай маралдарының ірілігі және жайылымдық шөптердің сапасы таң қалдырды.

Нұрлан Тоқтаров, Қазақстан марал өсірушілер палатасының төрағасы -Осы технологияны пайдалансақ, онда бір шаруашылық екіншімен, екіншісі үшіншімен араласып отырады.

khabar.kz

Сұхбат

PhotoRoom