ШҚО-да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастардың бағын ашты

Аймақ
29.10.2016, 19:02

20120216093018Ғашықтарды табыстырған бағдарлама. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы келген жастар өзара отау құрып, болашаққа бірге қадам басуда.  Айта кетейік, бұл ауданда әйгілі «Махаббат, қызық, мол жылдар» романының авторы Әзілхан Нұршайықов дүниеге келген. Болат Көкенайұлының сюжеті. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы Мырзат пен Раушанның бағын ашты. Әуелі тұрақты жұмыс тапты. Сосын болашақ жарын кездестіріп, шаңырақ көтерді. Бірі осыдан 4 жыл бұрын, екіншісі биыл Семейдегі музыкалық колледжді тәмамдап, ауылға бет алыпты.  Мемлекет оларға баспана мен көтермеақы берді. Жас отауға ұжымдастары да жөн сілтеп, ақыл-кеңестерін айтып отырады. Раушан Қалқабаева, Қалбатау ауылының тұрғыны -Біз екеуміз бір жерде істейміз. Сонда танысып, бір-бірімізге қарама-қарсы отырамыз. Сондықтан сезім оты жарқылдап қалдық содан. Жалғыз отбасымен ғана шектелмей, жұмыс барысын екеуміз бірге атқарамыз. Өнерде де, өмірде де қос аққудай қол ұстасқан ғашықтар облыстағы ең үздік мәдени ұжымға келгендерін мақтан етеді. Жарма аудандық Мәдениет үйінде бүгінде  бірнеше ұжым берекелі еңбек етуде. Жас өнерпаздар игі дәстүрді одан әрі жалғамақ.

Мырзат Қадылхан, Қалбатау ауылының тұрғыны -Болашақта осында ары қарай жұмыс істей беремін. Еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып, мәдениет жағынан ат салысамын. Бала-шағаның, қазақтың санын көбейтіп, осында жұмыс жасай беремін.

Аманжол Дәуітов, Жарма аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі -Монғолияда жүріп, біздің Шәкәрім университетінің музыкалық бөлімін бітірген қыз баламен өзіміздің оркестрдің Ринат деген ұлымыз үйленгелі жатыр. Сол құдалыққа дайындалып жатырмыз. Мұның бәрі -қазақтың санын көбейту. Мұнымен қоса кейінгі жылдарда бізден кейін Жармада өнердің өлмейтіндігінің бір куәсі сияқты.  Жалпы 7 жылдың ішінде ауданға 220-дан астам жас маман келіп тұрақтапты. Оларға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуде. Келесі жылы да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жалғасын тауып, жаңадан үйлер салынбақшы, - деп хабарлайды khabar.kz.

Сұхбат

PhotoRoom