ШҚО-ның ірімшігі Ресей нарығына жол тартпақ

Аймақ
29.10.2016, 19:38

20ac7133f9b8522a8deafc6c7d0d8d06_lШығыс Қазақстанда шығарылған ірімшік енді Ресей нарығына жол тартпақ. Бородулиха ауданы Жезкент кентіндегі шағын сүт өңдеу цехы Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндігін мүлт жібермеуді діттеп отыр. 10 жылдан бері аймақты бірқатар сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін кәсіпорында 12 адам еңбек етіп жүр. Әсіресе ірімшік ерекше сұранысқа ие. Голланд және Кубань үлгісіндегі өтімді өнімді енді көршілес Ресей тұрғындары да тұтынбақ. Қазірдің өзінде экспортқа жіберуге қам жасалып жатыр. Цехқа күн сайын іргелес ауылдардан тексеруден өткен 4 тонна сүт жеткізіліп, сапасы талапқа сай тамаша тауарға айналды.

Марина Славецская, технолог: - Ірімшік дайындау үшін 4 күн керек. Сүт келгеннен кейін оны мұқият тексеріп, өңдеп, арнайы қоюландырамыз. Мұнан кейін қайнату, сығымдау жұмыстары атқарылады. Ең соңында тұздаймыз. Біздің өнімдер ешқандай химиялық қоспаларсыз дайындалғандықтан табиғи дәмімен ерекшеленеді. Бұл туралы 24.kz сайты жазады.

Сұхбат

PhotoRoom