Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 22 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның 8500-і – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша еңбекпен қамтылып, өз ісін ашқандар. Бүгінде өңірде жобаға бөлінген қаржы көлемі 2,5 есеге артқан. Бұл жұмыссыз жандар үшін тұрақты табыс табудың тетігіне айналып отыр. Шығыс Қазақстан облысы – «Бизнестің жол картасын» алғаш болып жүзеге асырған өңірдің бірі. Бүгінде бағдарлама өз тиімділігін көрсетіп отыр. Сондықтан облыста қаржы көлемі жылдан-жылға артып келеді. Мемлекеттік жобаның арқасында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артып отыр. Самал Мырзабаева, Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары: - Былтырғы салыстырғанда, бағдарламаға қатысушылар саны биыл 2500 адамға көбейіп отыр. Өйткені қаржыландыру сомасы да біршама үлкен болып отыр. Былтыр 3,7 миллиард болса, 9,1 миллиард қаражат бөлініп отыр. Айболат Амангелді мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген жандардың қатарында. Ол жоба шеңберінде 3 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, өз ісін бастады. Қазір жиһаз шығаратын цехы бар.
Айболат Амангелді, кәсіпкер: - Алған несиеміз көмегін көп тигізді деуге болады. Ол кезде біз 2013 жылы бір станок алғанбыз. Қазіргі күні сол станоктың арқасында сапамыз да жақсы бола бастады. Қазіргі күні ол станоктарымызды мынандай үлкен станоктарға ауыстырып алдық.
Енді Айболаттың өзі жұмыс беруші болып шыға келді. Оның цехында 6 адам еңбек етіп жүр. Миржан Бекжанов студент кезінен бері осында жұмыс істеп келеді. Оқуын тәмамдағаннан кейін тұрақты жұмысын жалғастыруды жөн санаған. Жалақысы да тұрақты.
Мейіржан Бекжанов, жұмысшы: - Бұл жұмыс адамды бір істеген кезде сол келесісі көреді. Сөйтіп сапасы жақсы болғаннан кейін жұмыс көп береді. Елдің бәрі жайдан-жай бермейді. Жақсы жиһаз болғаннан кейін сапасына қарап береді.
Қазір шағын кәсіпорын тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Жақында жаңа цехтың ғимараты тұрғызылған. Оның екінші қабатында жұмысшылар үшін арнайы шағын пәтер де қарастырылған. Жалпы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында биылдың өзінде облыста 200 адам өз кәсібін бастаған. Ақпарат көзі: 24.kz