ОҚО-ДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Аймақ
31.10.2016, 22:05

kauly

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау – басты басымдықтағы жұмыстардың қатарында. Таяуда, өңіріміздің экономикасының дамуына мол үлесін қосатын аталған саланың кедергісіз дамуы үшін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев ұсынылған он тоғыз қаулыға қол қойды. Қабылданған қаулы аясында құны 32,2 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жүз гектардан астам жер телімі бөлінді.

Атап айтқанда, күн сәулелік электростанция құрылысын салу үшін Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданы аумағынан көлемі 71,8 га жер учаскесі бөлінсе, индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, дизельді май шығару, түсті металл бұйымдарын шығару және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу цехы үшін көлемі 42 га жер учаскесі пайдалануға берілді.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын кушейту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында, өңірде он бір индустриялды аймақ құрылған.

Қазіргі таңда, облыс бойынша индустриялды аймақтарда құны 201,3 млрд. теңге құрайтын 166 жоба іске асырылуда.

Облыс әкімдігімен кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында осы жылдың басынан әкімдіктің алпыс алты қаулысы қабылданып, кәсіпкерлердің жер беру туралы өтініштері қанағаттандырылды.

 

Сұхбат

PhotoRoom