Жамбылда МЖӘ негізінде алғашқы спорт кешені ашылды

Аймақ
03.11.2016, 23:34

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Жамбыл облысында замануи дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеңес Одағына Еңбек сіңірген жаттықтырушы Юрий Цхайдың бастамасымен Шу қаласында Қазақстандық бокс федерациясы тарапынан заманауи үлгідегі спорт кешені құрылысы аяқталды. Бұл облыстағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған алғашқы спорт кешені.

Нысаннын құрылысы 2015 жылдың қыркүйек айында «BBР Сompany» ЖШС-гі бастады.

Спорт кешені халықаралық стандартқа сай соғылды. Жобалық сметалық құны 480 млн. теңгені құрайды.

Жаңа ғимарат спорттық-сауықтыру блогы және жатақханадан турады.

Сонымен қатар спорт кешені тренажер, таеквондо, бокс, күрес  залдарымен қамтылған.

Бұдан басқа кешеннің жатақханасында 24 төсек-орынға арналған он бөлме, 16 орынға арналған асхана және буфет бар. Сондай-ақ, спорт кешенінде әкімшілік, медициналық, жаттықтырушылар, әдістемелік,  киім алмастыру мен жуыну бөлмелері қарастырылған.

Бүгінгі күнге облыста жалпы  спорт нысандарының саны 2016 құрайды (1 спорт сарайы, 14 спорт кешені, 19 стадион, 665 футбол алаңы, 549 спорт залы, 663 спорт алаңшалары және 105 басқа да нысандар).

Сұхбат

PhotoRoom