
Республикалық маңызды пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттар саны: фосфор - 7, алтын - 18, барит - 2, полиметалл -1, көмір - 1, мыс - 3, қара металл - 3, плавиковый шпат - 1, сирек металлдар-2.
Жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт міндеттемелерінің орындалу барысына басқармамен мониторинг жасалып, бақылауға алынған.
Кең таралған пайдалы қазбалар обьектілері бойынша 2015 жылдың қорытындысына сәйкес келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауына байланысты жер қойнауын пайдаланушыларға бұзылымдарды жою туралы 111 хабарламалар жолданды. Нәтижесінде 5 келісім-шарт бұзылды.
2016 жылдың осы мерзіміне дейін жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Сарапшылық комиссиясымен 23 жер қойнауын пайдалану мәселелері және жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмау себептері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жамбыл облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында теміржол, көлік жолы құрылыстары, республикалық және облыстық мәндегі индустриалды-инновациялық жобалар, облыстық мәндегі жол құрылыстары, әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.
Осы жобаларды компаниялардың өтініштеріне сәйкес инертті шикізатпен (құрылысқа қажетті кең таралған пайдалы қазбалар) қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығы тікелей келіссөздер және жазбаша рұқсаттар негізінде берілді, - деп сөзін түйіндеді басқарма басшысы