Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.Қойбақов мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі ормандарды қорғау, олардың қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларымен 14 орман шаруашылығы мекемелері мен «Ормандарды қорғау жедел қызметі» айналысады.
Бүгінде орман қорының жалпы аумағы 4,4 млн. гектарды құрайды. Оның орманды жерлері 2,2 млн. гектар. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.
2016 жылы жергілікті бюджеттен 718 млн.теңге бөлінді, оның ішінде мекемелерді ұстауға 629 млн. теңге, өртке қарсы шаралар жүргізуге 33,6 млн.теңге жұмсалды.
2016 жылы ерте көктемінде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы 900 гектарға орман ағаштары отырғызылды. Күзде 4100 гектарға сексеуіл алқаптарын тұқымдары арқылы себу жұмыстары жоспарлануда.
Орман тұқымбақтарын қалпына келтіруге және орман ағаштарының көшеттерін өсіруге - 12,1 млн теңге бөлінді. 2016 жылға 34 га жерге тұқымбақ себілу жоспарлануда, оның ішінде 5 га жерге көктем айында қарағаш тұқымы себілді. Ағымдағы жылдың күз айында 29 га сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жоспарлануда, - деп хабарлады спикер.
Сонымен қатар, елді мекендерді көгалдандыру арқылы жасыл белдеулар жасаудың 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалды. Онда елді мекендер айналасынан жасыл аймақтар құру және білім, денсаулық сақтау нысандары, көшелер мен саябақтар, автокөлік жолдары жағалауларын көгалдандыру арқылы жасыл белдеулер құру жоспарланды.
Жалпы 2016-2017 жылдарға арналған жоспар бойынша Тараз қаласы мен аудандарда 1456 гектар аумаққа «жасыл белдеулер» жасалынады деп жоспарлануда. 2016 жылы көктем айында 366,7 га жасыл белдеулер отырғызылды.
Сондай-ақ, Серік Мамыртайұлының мәлімдеуінше, орман өртінің жылдам таралуына тосқауыл қою мақсатында бұрынғы жылдары жасалынған 7000 шақырым минералды жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.