Шымкент қаласының Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арнаған іс-шаралар жоспарына сәйкес, С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің қабырғасында "Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын" тақырыбында және осы күнге тұспа-тұс келген Шекарашылар күніне арналған қалалық әскери-патриоттық сайыс өткізілді.
Аталған сайысқа қаламыздың 11 мектебінің жалпы саны 150-ге жуық 10-11 сынып оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты.
Іс-шара барысында жастар саппен жүру, автоматты белгілі бір уақыт шеңберінде ашып-жинау, кермеге тартылу, кір тасын көтеру сияқты сайыс түрінен өзара сайысқа түсті.
Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды № 113 жалпы орта мектебі иеленсе, екінші орынға №104 жалпы орта мектебі мен № 7 мектеп-лицейі тұрақтады. Ал, жүлделі үшінші орынды №52 мектеп-гимназиясы жеңіп алды.
Жеңімпаз атанған жас жауынгерлерге Құрмет грамоталары мен кубоктар табысталды.