ОҚО-да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Играй, гармонь!» фестивалі өтті

Аймақ
24.11.2016, 22:15

15219552_1017289435060939_4849241476682534164_nОңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына  арналған  «Играй, гармонь!» фестивалі өтті. Жас ерекшеліктеріне қарамай, барша үміткерлерге қатысуға мүмкіндік берілген фестивалге 16 азамат өтінім берген. Байқауға қатысушылар  гармон, баян, аккордеон аспаптарын қолдану арқылы елді  патриоттыққа, отансүйгіштікке шақыратын туындыларды  орындады. Іс-шараның мақсаты - этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті15095664_1017289311727618_5816024074657315950_n  нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады. Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді этнос өкілдері қатысты. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіндегі жеті тұғырды нәтижелі іске асыруды өздеріне мерейлі міндет санайтын ассамблея мүшелері Ұлт жоспарындағы қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды іс-шарамен тығыз байланыстырады. Облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі дәл осындай игі шараларды жалғастыра бермек.

Сұхбат

PhotoRoom