"Қоғамдық келісім орталығы" ашылды

Аймақ
13.08.2014, 15:24

Биыл Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясының қорытындысынан туындаған міндеттерге сай республикадағы барлық облыстарда облыс әкімі аппаратарының жанынан "Қоғамдық келісім орталықтарын" ашу жүктелгенг болатын.

      Осыған орай, 2014 жылғы  18 маусымда Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясы өткізіліп, онда облыс әкімі тиісті органдарға 2014 жылдың 1 тамызына дейін  "Қоғамдық келісім орталығын" ашуды міндеттеді.

         2014 жылғы 2 шілдеде облыс әкімінің "Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы №634 Қаулысы қабылданды.

          Нәтижесінде Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысында облыс әкімі аппараты жанынан "Қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып, жарғысы бекітіліп, басшысы тағайындалып, штаттық бірліктері мен бюджеті айқындалып, жұмысын бастап кетті.

          Орталық 4 бөлімнен құралып, "Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг", "Ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету", "Ұлттық-мәдени орталықтармен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру", "Қаржы-шаруашылық" бөлімдерінде барлығы                          27 штаттық бірліктер қарастырлыған. Бүгінгі таңда орталыққа тиісті қызметкерлер қабылдау шаралары жүргізілуде.

         Қызметкерлерінің негізі орта жасы – 30 жас. Олар – саясаттанушылар, философтар, дінтанушылар, журналистер, экономистер, заңгерлер.

         Аталған орталықтың уәкілетті органы "Қызылорда облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі. Орталық басшылығына Рахима Қаржаубайқызы Ахметова тағайындалды.

         Ахметова Рахима Қаржаубайқызы бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы қызметін атқарды.

Сұхбат

PhotoRoom