ОҚО диқандары 281 мың тонна ақ алтын жинады

Аймақ
07.12.2016, 00:42

4712d16a39f17cb7fba98ef7f66ae498_lОңтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл 281 мың тонна мақта жинады. Түсім әр гектарына шаққанда орта есеппен 25,6 центнерден айналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 мың тоннаға артық. Мақтаның нарықтағы бағасының өсуіне байланысты биыл егіс көлемі 10 мың гектарға ұлғайған. Сөйтіп 109 мың гектардан астам жерге шит себілген. Оның 83 мыңы мақтааралдық шаруалардың еншісінде. Мырзашөлде 20 мың гектар жерге егілген мақта су тапшылығына ұрынған болатын. Дегенмен бұл өнімділікке әсер еткен жоқ дейді мамандар. Өйткені диқандар жердегі ылғалды ұзақ уақыт сақтап тұратын терең қопсыту әдісі мен агротехникалық талаптарды қатаң сақтаған. Оған қоса биыл шаруалар мақтаның өнімділігі жоғары шетелдік сұрпын әкеліп еккен. Соның арқасында түсім кейбір алқаптарда 38 центнерге жетті. Жиналған мол өнімнің 70-80 пайызы Ресей мен Қытай және Пәкістан елдеріне экспортталады. Бұрын мақтаның 4 пайызы ғана жергілікті жерде терең өңделетін болса, бүгінде бұл көрсеткіш 30 пайызға жеткен. Кеңесбек Алпысбаев, Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: - Түркия мен Қытайдан әкелді ең жақсы деген сорттардың тұқымдарын әкеліп екті. 1,5 мың гектар жерге 80 тоннадай тұқым себілді. Алдын ала есебіміз бойынша өзімізде сеуіп жүрген шиттің түсіміне қарағанда жоғары болды. Осы алынған тұқымдық қорды келесі жылға көбейтіп, аудан, облыс мақташыларын осы тұқыммен қамтамасыз етеміз деп жоспарлап отырмыз.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom